Abstract:
Мақалада заманауи технологияларды білім мазмұнына ендірудің педагогикалық-практикалық
негіздері мен жүзеге асырылуы сұрақтары қарастырылды. Авторлармен əлемдік ақпараттық
кеңістігінің мақсаттары, мазмұны жəне оқу процесін ұйымдастыру нысандары деңгейінде
элементтердің өзара байланыстары белгіленген. Республиканың бірнеше жоғары оқу орындарында
үлестірілген технологиялар: параллель, бұлтты есептеулер, клиент-сервер технологиясы бойынша
жаңа пəндер ендірілгені сипатталды. Жеке тұлғаға бағытталған жағдайында оқыту үрдісінде заманауи
технологияларды пайдалануда педагогикалық мақсаттар анықталды. Заманауи технологияларды
пайдалана отырып, құрылымына, оқу материалының мазмұнына жəне оқу іс-əрекетін
ұйымдастырудың талаптары айқындалды.