Abstract:
Мақалада қазіргі қазақ əдебиетінде өзіндік орны бар ақын-жазушы Серік Сағынтайдың əңгімелерінің
өзектілігі сөз болды. Тарих пен əдебиет тақырыбын негізге алған қаламгердің шығармашылық
зертханасы жан-жақты сөз бола отырып, қаламгердің қоршаған ортаға деген ойы мен бағасы қазіргі
көзқарас тұрғысынан жан-жақты талданған. Авторлар жазушының шығармашылық шеберханасын
тереңінен қарастыруға тырысқан. Серік Сағынтай шығармаларындағы тарих пен əдебиет, шындық
пен ақиқат, туған дала шағылдары, бүгінгі жазушы мен адамдық болмыс мəселесіне осы мақалада
ғылыми сараптама жасалды. «Қарға» жинағындағы өмір мен өлім, жақсылық пен зұлымдық, махаббат
пен жек көру, мейірімділік пен қатыгездік, бүкіл ғалам мен адамзат тағдыры, жаратылыс пен табиғат
сияқты мəңгілік тақырыптарға жазылған əңгімелері салыстырмалы-салғастырмалы негізде талданып,
ғылыми тұжырымдар берілген. Жазушының образ жасаудағы ізденістері де зерттелген. Сонымен
қатар образ, адам, адам концепциясы арасындағы сабақтастықтар да сөз болады. Мақалада
жазушының шығармашылық эволюциясы, суреткерлік шеберлікке жету сыры əңгімелерінен
аңғарылады.