Abstract:
Мақалада оқушыларды патриотизмге тəрбиелеудегі дене тəрбиесі жəне спорт құралдарының маңызы қарастырылған. Қазіргі уақытта оқушыларды əскери патриотизмге тəрбиелеуде бірқатар қиындықтар бар. Авторлар аталған проблеманы зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасады, жоғары сынып оқушыларын əскери патриотизмге тəрбиелеудегі спорт үйірмелерінің маңызын
қарастырды. Алынған мəлімет негізінде жоғары сынып оқушыларын əскери патриотизмге тəрбиелеудің жоба үлгіci құрылды. Білім беру мекемелерінде ұйымдастырылатын спорт үйірмелері жоғары сынып оқушыларының дене бітімдерін қалыптастырады, жұмыс істеу қабілеттерін арттырады, сонымен қатар олардың «патриотизм», «Отан алдындағы борыш», «əскери қызмет» секілді ұғымдарға деген көзқарастарын өзгертеді. Спорт түрлері бойынша жарыстар, денсаулық фестивальдары жəне əскери-спорттық ойындар оқушылардың патриоттық сезімдерін жоғарылатады.