Abstract:
Мақала Қазақстан Республикасындағы дара кəсіпкерлердің азаматтық-құқықтық мəртебесінің
мазмұнының кейбір ерекшеліктеріне арналған. Бұл тақырып Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік
кодексінің енгізілуі жəне кəсіпкерлікті қолдау мен қорғау жағдайында ерекше өзекті болып табылады.
Дара кəсіпкерлердің азаматтық-құқықтық мəртебесінің мазмұны, егер заңдардан немесе құқықтық
қатынастар мəнiнен өзгеше нəрсе туындамайтын болса, жеке тұлғалар мен коммерциялық
ұйымдардың азаматтық құқық субъектілігімен, субъективті құқықтары, заңды міндеттері, мүліктік
жауапкершілік шаралары мен қорғалу мазмұнымен алдын ала анықталған. Дара кəсіпкерлердің
азаматтық-құқықтық мəртебесі – белгілі тұлға санаттарының азаматтық-құқықтық (кəсіпкерлік)
қатынастар саласындағы құқықтық жағдайы. Автормен дара кəсіпкерлердің азаматтық-құқықтық
мəртебесінің негізгі элементтері анықталып, осы элементтердің ерекшеліктері зерттелген. Сонымен
қатар аталмыш саланы құқықтық реттеудің кейбір мəселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын
ұсынды. Зерттеушінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында азаматтық жəне
кəсіпкерлік заңнаманы жетілдіруге үлес қосуы мүмкін.