Abstract:
Мақалада дəрілік өсімдіктердің анотомиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін инновациялық
технологияларды қолдану бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулерге зертханалық
зерттеулерді қолдана отырып, дəрілік өсімдіктер талданған. Зертханалық зерттеу нəтижелері
сипатталған. Дəрілік өсімдіктердің анотомиялық ерекшеліктерін анықтаудың негізгі міндеттері айқын
көрсетілген. Авторлар зертханалық жұмыс жүргізудің əдістемелік тəсілін қолдана отырып, Xanthium
strumarium L. өсімдігінің анатомиялық құрылымын анықтау сатыларын көрсеткен. Зерттеу объектісі
ретінде Іле Алатаудың Алма-Арасан шатқалының тау бөктерінен жиналған X. strumarium L.
өсімдігінің үлгілері алынды. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын X. strumarium L. дəрілік
өсімдігінің жерүсті жəне жерасты бөлімдерінің анатомиялық құрылысына бинокулярлы биологиялық
MCX100 микроскопы арқылы зерттеулер жүргізілді.