Abstract:
Мақалада ұлттың ілкідегі бейнелеу өнеріндегі таңба-рəміздерді қолдану қазіргі дизайн өнеріндегі
үрдісі жəне жарнама саласында да ұлттық, əлеуметтік ерекшеліктерді сауатты бұрмаламай қолдануды
көркем білім беру саласында оқытудың маңызы қарастырылды. Ұлттық мəдениет пен өнерді оқып
үйренуде бағдар боларлық деп саналатын кейбір ұсыныстар ортаға ұсынылды. Адамзат қоғамындағы
əлемнің көркем бейнесінің ерекше маңыздылығы талданды. Бейнелеу өнерінің, ілкі мəдениеттегі
əлемнің көркем бейнесін құндылық тұрғысынан танудағы ролі айтылды. Білім алушыларға, зерттеу
жұмыстары үшін əлемді көркем бейнелеу ұғымы туралы мағлұматтар беріледі. Ескі уақыттағы көркем
өнердің болмыстың шартты көшірмесі екендігі дəйектелді. Еліміздің қазіргі көркем өнерінің ізденіс
пен қайта түлеу үстіндегі үрдісі сараланды. Заманауи қоғамдық жүйенің талабына сай көркем өнерде
дəстүрді сақтап қолданудың өзектілігі сөз болды. Əлемнің көркем бейнесінің бейсаналық деңгейдегі
қорғаушы тетігі болатыны турасында жəне оның психологиялық қорғаныс қызметін атқаратыны
мəлімделді. Ізденушілер мен жалпы шығармашыл жастардың ескерткіштер мен мəдени көріністерді
зерттеудегі көкейкестілігінің маңызы өнертану ғылымының болашағына əсері баяндалды. Зерттеу
үрдісінде жəне оқыту барысында бейнелеу мəтіндерін пайдалану, фольклорға қарағандағы алғашқы
түрінде сақталғандығы үшін сауатты талдап дұрыс қолдануға болатыны жайлы қорытынды жасалды.