Abstract:
Мақалада болашақ мұғалімдердің өздігінен білім алуынның мəселесі ақпараттық заманауи ортада
дамуының компоненті ретінде, сонымен бірге қазіргі жастардың өз бетінше білім алуға деген
құлшынысы, жеке адам үшін өздігінен білім алу қоғамдық тұрғыда маңызды жəне пайдалы, жалпы
жəне кəсіби білімін тиімді арттыруға бағытталған. Өздігінен білім алу мəселесінде əдіснамалық
зерттеу тұғырлары жəне психологиялық-педагогикалық еңбектер талқыланып, өздігінен білім алудың
аспектілері тарихи-философиялық даму тұрғысынан қарастырылды. «Өздігінен білім алу» ұғымы
авторлармен нақтыланып, заманауи жағдайға байланысты мұғалім маман ретінде кəсіби əрекетін
жүзеге асыруда қолданылады. Студенттердің танымдық əрекетінің деңгейі жəне ерекшеліктері
өздігінен білім алуға дайындығының негізі ретінде көрсетілген. Өздігінен білім алуда анықталған
белгілер мен қызметтер, өздігінен білім алу мəселесінде өмір бойы қанықтыру құралы болып
табылады. Кəсіби дайындық үдерісінде өздігінен білім алуға деген болашақ мұғалімнің ынталандыру
жолындағы əзірлемесін, өздігінен білім алу əрекетінің қабілет шарттарын, өздігінен білім алуға жəне
өзін-өзі дамытуға деген студенттің қарым-қатынас міндеттерін авторлар зерттеу кезінде анықтаған.