Abstract:
Мақалада түркілердің дүниетанымдық көзқарасын талдау арқылы ғылыми тұжырымдар жасалған.
Авторлар Түркі қағанатының құрылу қарсаңында мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті
құрылым ретінде діни-идеологиялық жəне əлемді тануы жөнінде өздерінің көзқарасы болған деген
пікірге тоқталған. Түркілердің дəстүрлі дүниетаным жүйесі Тəңірі, Жер-Су, Ұмай, Құт деген негізгі
ұғымдардан тұратынына басты назар аударған. Осы ұғымдарға жеке-жеке тоқталып, ғылыми
сараптамалық талдаулар жасай отырып, алдарына қойған мақсат-міндетін айқындаған. Ежелгі
түркілердің дəстүрлі дүниетанымы мен наным-сенімдері туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың
еңбектеріне талдау жасай отырып, олар тек бір Тəңірге табынғанын атап көрсетеді. Авторлар
түркілердің қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауы олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінің
ажырамас бөлігі болған деген ғылыми ойды нақты дəлелдермен көрсеткен. Қорытындысында ежелгі
түркілердің дүниетанымының олардың мемлекеттік идеологиясының негізі болған деген ғылыми
пікірді айтады. Ежелгі түркілердің «Мəңгілік Ел» мемлекеттік идеологиясының мақсаты жат жерлік
идеяларға қарсы тосқауыл болғанын дəлелдеген.