Abstract:
Мақалада ХІХ ғасырдың бірінші жартысында алғаш рет Қазақстан жерінде, оның ішінде Бөкей
Ордасында Жəңгір хан тұңғыш 2-сыныптық қазақ-орыс мектебін ашып, осы мектеп мазмұнында
жартылыстану жəне гуманитарлық пəндер оқытылғаны қарастырылып сипатталған. Ресей оқу
орындарында оқуын жалғастыруына жағдай жасалғаны туралы Жəңгір ханның білім беру саясаты
кеңінен ашылып сөз болды. Мектептегі оқу үрдісінде оқыта отырып, тəрбиелеу жүзеге асырылып,
оқушылырға тəрбие процесі діни тəрбие негізінде берілгені көрсетілген. Жəңгір ханның бұл алғашқы
сыныптық мектебі оқу базасы мен білім бағдарламасы терендеттіліп оқытылғанда патшалық Ресейдің
қазақтарға бағытталған білім беру саясатының көмегімен 2-сыныптық қазақ-орыс мектебін «Жəңгір
хан училищесіне» айналдырғанына кеңінен талдау жасалды. Сол себепті Бөкей Ордасы бойынша
орталық сыныптық мектеп екендігі туралы көптеген мұрағаттық материалдар мен деректер
зерттелген. Осы сыныптық мектепте білім алып, бітірген түлектер патшалық Ресейдің арнаулы орта
жəне жоғары оқу орындарында оқығаны туралы сипаттамалар берілген. Əрбір пайдаланылған
архивтік деректер мен мұражайдан алынған тарихи материалдар ғылыми тұрғыда талданды. Бұл
алғашқы сыныптық мектеп «Жəңгір училищесіне» айналған кəсіби білім берілген. Оған қоса
сыныптық мектепте тəрбие мазмұны ислам мəдениетінің негізінде діни-имандық тəрбие сынып
сабағы ретінде жүргізіліп, оқушыларға діни, адамгершілік тəрбие берілгені қарастырылып, тарихи-
мəліметтер сипатталған.