Abstract:
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзіндегі болып жатқан ірі оқиғалардың бірі соғыс
мəселесіне «Қазақ» газетінің бетінде Алаш зиялыларының ірі қайраткері Əлихан Бөкейханның
бірнеше мақалаларына талдау жасалып, мақаланың тарихи маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар
Əлихан Бөкейханның қазақ халқының саяси көзқарасына ықпал ететін əлемдік оқиғалардың тарихын
баяндаудағы мақсаты Ұлы дала халқын осындай саясаттың түпкі мақсаты неге əкелетіндігін көрсетіп,
өз халқының болашағын, яғни тəуелсіз ел болудың жолдарын, көрсеткендігі қарастырылды.