Abstract:
Мақалада Ақмола облысының шағын қалалардың халқының көші-қоны, оның геодемографиялық
үрдістерге ықпалы, атап айтатын болсақ, тұрғындардың жастық жəне жыныстық құрамы қарасты-
рылған. Сонымен қатар көші-қонның сандық жəне сапалық көрсеткіштеріне талдау жасалған. Ақмола
облысының Статистика департаментінің ресми ұсынған мəліметтерін талдау негізінде авторлар келесі
мəселелерді ерекше бөліп көрсетеді, олар: қала халқының жастық құрамы бойынша қарт адамдардың
үлесінің артуы, жастарды шағын қалаларда қалдыру мəселелері. Мақалада көші-қонның сандық
көрсеткіштеріне нақтылап талдау жүргізу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Зерттеліп жатқан
тақырып бойынша Ақмола облысының шағын қалаларында жүріп жатқан геодемографиялық үрдістер
туралы жаңа тың мəліметтер келтірілген.