Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің пассивтік операцияларындағы
депозит нарығына зерттеу жүргізілген. Сондай-ақ еліміздің депозит нарығы қатысушыларына талдау
жасалған. Депозит нарығына халықтың қаржы ресурстарын көптеп тарту үшін салымдарға кепілдік
беру қоры тарапынан өтелетін өтемақы да қарастырылған. Соның барысында екінші деңгейлі
банктердің депозиттік базасындағы заңды жəне жеке тұлғалардың салымдарының үлесі зерттелген.
Бүгінде еліміздегі депозиттер мөлшерлемесінің өсуіне валюталық депозиттердің қайта бағалануы мен
мемлекеттің қаржы нарығына араласуы оңтайлы əсер етуде.