Abstract:
Мақала электрмагнитті көтергіш қондырғысының басқару жүйесін жасауға бағытталған. Мұндай жүйені жасау үшін электрмагниттердің полюстерін автоматты түрде алмастырып қосатын жүйені əзірлеу қажет. Эксперименттерді алдын ала жүргізу үшін левитациялық жүйенің эксперименттік моделі жасалды. Atmega328 микроконтроллері негізінде Arduino UNO платформасы таңдалып алынды. Сонымен қатар авторлар L293D драйвердің сипаттамасын келтіріп, микросұлбаның құрылымына кіретін драйверрдің жұмыс ұстанымын қарастырған