Abstract:
Мақалада қазақ халқының басынан кешкен ірілі-ұсақты оқиғалар көптігі бүгінгі таңда жан-жақты
бағасын ала бастағандығы, соның нағыз шынайы көрінісі, халықтың түрлі оқиғаларға деген ашу-ыза,
көңіл-күйі шағын тарихи өлеңдерде сəулесін қалдырғандығы туралы айта келіп, айтылу барысында
тарихи өлеңдегі арман-тілек, мақсат-мүдде бірте-бірте өсіп-өркендеу арқылы көлемді эпикалық
жырлар туғызуға ықпал еткендігі туралы сөз болады. Оның нақты сыр-сипатын ашып, поэтикалық
болмыс-бітімін саралаудың ең бір күрделі тақырып бола алатындығын осыдан аңғаруға болады.
Себебі шағын тарихи өлеңдегі түйін елдің тағдыр-талайы, бастан кешкен тар жол, тайғақ кешуі
екені анық.