Abstract:
Авторлар ауылдық аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ортақ белгілерді
қарастырды. Қазақстан Республикасының аймақтардың кең байтақ ресурстық əлеуеті бар, сондықтан
оларды неғұрлым тиімді жəне ұтымды пайдалана отырып, олардың тұрақты дамуын, толық жұмыспен
қамту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының жоғары өмір сапасы мен деңгейіне қолжеткізуге болады.
Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін əр түрлі факторлар арасындағы себеп-салдарлық
байланыстар зерттелген. Қазақстан Республикасынның агроөнеркəсіптік кешенін мемлекеттік
реттеудің басты мақсаттары тұрғысынан ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін факторлар
анықталған. Авторлардың ойынша, аумақтардың ғылыми-техникалық жəне инновациялық əлеуеті,
тиісті инновациялық инфрақұрылымы, инновациялық мəдениетін құру маңызды орынға ие. Мақалада
инновациялық жəне экологиялық, экономикалық, демографиялық, əлеуметтік факторларды есепке ала
отырып, ауылдық аймақтардың одан əрі қарай дамуының шаралары белгіленген.