Abstract:
Мақалада cуырып-салма ақындарға тəн жыраулық жəне ақындық екі қасиетті де ұштастырған
Жамбылдың шығармашылық қызметі суреттелген. Оның өз ұстазы Сүйінбай Аронұлының жарқын
ақындық мектебінен жəне Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да белгілі ақындарының
мектептерінен өткендігі дəлелденген. Жамбыл шығармашылығында айтыстың барлық түрлері
кездесетіндігі көрсетілген. Жамбыл көптеген даңқты ақындармен поэзиялық тартысқа түскендігі жəне
олардың бірде біреуінен жеңіліп көрмегендігі көрсетілген. Оның айтысқа мүлдем жаңа идеялар жəне
тың тақырыптар енгізгендігі, айтысты рулық-тайпалық санадан жоғарлатқаны, жалпыхалықтық
деңгейге көтергендігі, оған өткір əлеуметтік бағыт бергендігі туралы қорытынды жасалған.
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы нағыз ұлтжандылықтың, туған жерге данышпандылыққа
шынайы сенімділіктің үлгісі болғандығы паш етілген.