Abstract:
Мақалада соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп
шығып, əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой
ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің бірі қарастырылған. ХХ
ғасырда пайда болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой
ағымындағы бұл бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер
сияқты философтардың қолдағаны мəлім. Сондай-ақ авторлар О. Бөкейдің əлем мен жалғыздық
арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой-пікірлерін талдап,
О. Бөкей шығармаларындағы үлкен философиялық проблема – жатсыну мəселесін жан-жақты
зерттеген.