Abstract:
Мақалада тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы қазақ тіліндегі кейбір атаулардың басқа түркі
тілдеріндегі қолданысына талдау жасалған. Зерттеу барысында аталған сөздердің көне түркі тіліндегі
қолданысы, этимологиясы сөз болып, қазіргі түркі тілдеріндегі нұсқаларымен салыстырылған. Көне
түркілік қолданысының кей түркі тілдерімен ортақтығы, тілдің дамуына қатысты өзгеріске түскен
тілдердегі көрінісі мысалдармен дəлелденген. Əр сөздің қазақ тіліндегі қолданысы жеке
қарастырылып, жалпы түркі тілдеріндегі ортақтықтары мен ерекшеліктері көне түркі жəне қазіргі
түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері, зерттеу еңбектері негізінде сараланған.