Abstract:
Мақалада қазіргі қоғам дамыған елдерінің жоғарғы оқу орындары қоятын талаптарды
қанағаттандыратын студенттерді кəсіби біліктілікке машықтандыру үшін оқытуда тапсырмалар
түрлері мен оның балл көрсеткішіне сəйкес топтастырылуы нəтижесінде білімді бағалау мəселелері
қарастырылған. Білім сапасының сипаттамасы толықтық, тереңдік, шапшаңдық, бірізділік, нақтылық,
жалпыламалық, орамдылық, тармақталғандық, жүйелілік, түсініктілік жəне тиімділік тұрғысынан
зерттелген. Студенттердің білімін бағалау үшін білімнің тереңдігі, дағды жəне икемділік
ұғымдарының алатын орны, дағды мен икемділік ұғымдарын ажырата білу маңыздылығы жайлы
айтылған.