Abstract:
Банктік жүйе нарықтық экономиканың маңызды құрылымы болып табылады. Банкті тиімді
басқарудағы жəне сапаны жоғарлатудағы оның маңызды функциясын жоғарлату негізінде, яғни
басқару, сөзсіз, отандық екінші деңгейлі банктердің банк жүйесін тұрақтандырып, сəйкесінше,
жалпылай ел экономикасының дамуына əкеледі. Мақалада екінші деңгейлі банктердің ішкі аудит
жүйесіндегі қаржылық көрсекіштерге корреляциялық-регрессиялық математикалық əдістерін қолдана
отырып жасалған талдауы көрсетілген. Талдау барысында маңызды фактор ретінде екінші деңгейлі
банктердің меншікті капитал көрсеткіші алынды. Себебі қазіргі таңда меншікті капиталдың
жеткіліктілігі — Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің алдында тұрған өзекті мəселелердің бірі.
Осыған байланысты «Халық Банк» Акционерлік қоғамның меншікті капиталының артуы оның
төлемқабілеттілігінің жоғарылығын жəне кəсіпорындарынды қаржыландыру жеткілікті деңгейде
екендігі, яғни, меншікті капиталдың ұлғаюы ел экономикасының өсуіне септігін тигізеді деп айтуға
болады. Авторлар «Халық Банк» АҚ 2005–2015 ж. аралығында меншікті капиталының өзгеру
динамикасына қандай факторлар əсер еткенін көрсеткен. Регрессиялық теңеулер жасалып, ол
болжамға пайдаланылады. Қадамды регрессия бойынша əсер етуші факторлар іріктеліп, оларға сəйкес
адекватты регрессиялық үш модель тұрғызылды. Талдау нəтижесі «Халық Банк» Акционерлік
қоғамның меншікті капиталының өзгеру динамикасына қандай факторлар əсер ететінін анықтауы
көрсетілген.