Abstract:
Қазіргі жағдайларда міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда жүргізіліп жатқан
əлеуметтік-экономикалық реформалардың аса маңызды жəне қажетті элементіне айналды. Осыған
байланысты өңірді экономикалық, əлеуметтік дамытудың құралы ретінде міндетті əлеуметтік
сақтандыру жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің теориялық-əдіснамалық негіздерін
зерттеу аса өзекті бола түседі. Қазақстан Республикасының барлық облыстарында жүргізілген
«Халықтың өмір сапасын» бір жолғы зерттеу нəтижелерін талдау əлеуметтік қорғаудың қалыптасқан
жүйесін дамыту, еңбекшілер мен олардың отбасыларына алдын ала болжап білуге болмайтын
жағдайларға сақтап қоятын сақтық ақшаларының мөлшерін қысқартуға жəне балаларының білім
алуына қаражат салуға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ ішкі тұтыну сұранысының өсуі мен өмір
деңгейін арттыруға оң ықпал ететінін көрсетті. Мақалада əлеуметтік сақтандырудың тəжірибелік
аспектілерін зерттеу негізінде əлеуметтік сақтандырудың қаржылық тетіктерінің жұмыс істеуінің
базалық жағдайларының сабақтастығын сақтау оның мақсаты саналатын, міндетті əлеуметтік
сақтандыру жүйесін дамытудың негізгі үрдістері анықталды. Мəселен, халықаралық сарапшылардың
бағалаулары бойынша, əлеуметтік сақтандырудың қаржылық тетігі, шеткері децильдер арасындағы
жалақының саралануы 1:6 үлкен емес болған кезде тиімді жұмыс жасайды. Қазақстанда Джини
коэффициенті 2015 жылдың қорытындылары бойынша 27,8 % (0,276) белгіге жетіп, 2 пайыздық
пунктке дейін жақсарды. Қазақстанда табыстарды бөлу сапасы өткен жылдың қорытындылары
бойынша теңсіздік көрсеткіші елеусіз 26,7 % ғана болып, 2009 жылғы деңгейге жақындай отырып,
шамалы жақсарғанын байқауға болады.