Abstract:
Мақалада ауыл шаруашылығындағы адами ресурстарды стратегиялық басқару үрдісі, оның нақты
стратегиясы, басқару жүйесі қалыптасқан жəне саясат пен стратегиясы арасындағы байланыс
көрсетілген. Ауыл шаруашылығында адами ресурстарды стратегиялық басқаруды енгізу кезеңдері
қарастырылған. Сонымен қатар стратегияның бірнеше түрлі жіктелімі зерттелді: шығындарды
барынша азайтуға бағытталған стратегия; сапаны жақсарту жоспары; инновациялық стратегия.
Мамандар құрамының біліктілік деңгейін жетілдіру бойынша іс-шаралар: мамандарды біліктілікті
арттыру курстарына жіберу; жоғарғы жəне орта арнайы оқу орындарында қосымша білім алуға
мүмкіндік жасау; білім жəне тəжірибемен алмасу; кəсіпорынға біліктілікті арттыруға көмек беретін
маманды шақырту келтірілген. «Ақтық» АҚ-ғы адами ресурстарды стратегиялық басқару үрдісі мен
адами ресурстардың біліктілік деңгейі анықталған. Жоғары білікті мамандардың өнім өндіру көлеміне
əсері «Ақтық» АҚ, «Родина» ЖШС, «Новокубанское» ЖШС кəсіпорындарының мəліметтері негізінде
қарастырылған. Көптік регрессияның сызықтық теңдеуі, корреляцияның жұп коэффициенті, таза
регрессия коэффициенті өлшемдері анықталды. Соның нəтижесінде кəсіпорында адами ресурстарды
стратегиялық басқару үрдісін сараптай келе, келесі мəселелерді атап көрсетуге болады: мамандарды
іріктеудің нақты қалыптасқан жүйесінің болмауы, кəсіпорынға жалпылама кадрлық жағдайды
сараптаудың, мамандарға деген қажеттілікті болжамдаудың болмауы тəн.