Abstract:
Мақалада əлеуметтік-экономикалық жүйенің жəне мемлекеттің əлеуметтік саласының құрамдас бөлігі
болып табылатын əлеуметтік инфрақұрылым дамуының негіздері зерттелген. Автор əлеуметтік
инфрақұрылымды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын топтастырған: нормативтік құқықтық
қамту, бағдарламалы-мақсаттық реттеу, қаржылық реттеу жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік.
Қазіргі уақыттағы ең төмен əлеуметтік кепілдіктерді құқықтық қамту қарастырылған. Қазақстан
Республикасында ең төмен əлеуметтік стандарттар белгіленетін жəне қолнанылатын салалар
анықталған. Əлеуметтік инфрақұрылымның бағдарламалы-мақсаттық дамуына əсер ететін өте
маңызды факторлар белгілі болды. Мемлекеттің əлеуметтік инфрақұрылымның келешегі үшін
бекітілген мемлекеттік бағдарламаларды талдап, əлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы мен даму
мəселелерін салалар деңгейінде зерттеліп, олардың өзгеру деңгейі мен ерекшеліктері мəні ашылған.
Мақалада əлеуметтік үрдістерге əсер ететін мемлекеттік реттеудің қаржылық əдістердің жиынтығы
қарастырылған. Автор елдің əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты дамуында мемлекеттік-
жекешелік əріптестікті қолданудың теориялық-əдістемелік жəне əдістемелі-тəжірибелік негіздерін
ашқан. Мақалада мемлекеттік-жекешелік əріптестікті тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында,
білім беру жəне денсаулық сақтау салаларында қолдануға болатындығы көрсетілген. Автор
нормативті құқықтық қамтудың, бағдарламалы-мақсаттық, қаржылық реттеудің жəне мемлекеттік-
жекешелік əріптестіктің озық əдістерін ескере отырып, əлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың
жетілдіру жолдарын ұсынған.