Abstract:
Мақалада өңірлерді дамыту бағдарламасының Қазақстан өнеркəсібін дамытудағы мүмкіндігі
жинақталған. Авторлар Қазақстанда қалыптасқан өнеркəсіптің шетелдік озық өндірістен техникалық
деңгейі, автоматтандыру мен механизация талабы, шикізатты кешендеу мен қайта өңдеу, экологиялық
көрсеткіштері мен энергия үнемдеу бойынша көп артта қалғанын атап өтті. Сондықтанда өнеркəсіпті
жаңарту үдерістерін мемлекеттік реттеудің құралдары қажет. Қазіргі уақытта мемлекет өнеркəсіптік
кəсіпорындардың қызметіне жанама түрде əсер етеді. Авторлар өңірлер бойынша шығарылған
өнеркəсіптік өнімнің көлемін қарастыра отырып, шаруашылық қызметінің тиімділігі шикізаттар мен
материалдарды жеткізу бағытына, сонымен қатар тауарларды өткізу нарығына бірдей деңгейде
тəуелді екендігін дəлелдейді. Мақала авторларының ойынша, инновациялық дамудың негізгі
мəселелеріне, бір жағынан, инновациялық жобаларды іске асырудағы бизнестің аз қызығушылығын,
басқа жағынан – экономиканың нақты секторындағы көптеген кəсіпорындар үшін жаңа технологиялар
мен техникаларды əзірлеу жəне енгізуге қаржылық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігін жатқызуға
болады. Мемлекеттік басқарудың бұл жақтары жаңарған өңірлік саясат арқылы реттелетін болады.
Онда өнеркəсіптің мамандану тəуелділігіне қарай өңірлердің ресурстары мен əлеуеті тиімді
шоғырланатындай болуы қажет. Авторлар ұлттық мақсаттары мен келешегіне негізделген өнеркəсіп
өндірісі құрылымындағы үдемелі өзгерістерге бағытталған өнеркəсіптік саясат негізін ұсынды.