Abstract:
Мақалада студенттердің максималды өзін-өзі танытуы үшін білімдерді дербес іздеп табуына,
жинақтаған ақпараттарды талдап жəне тиімді қолдануына қажет іскерліктерді қалыптастыратын,
студенттердің тиімді зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру мəселесі қарастырылған. «Органикалық
химия» пəні бойынша СӨЖ тапсырмаларын даярлауда таксономиялық тəсілдемені пайдалану ақиқат
шындықтың талаптарына сəйкес кəсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Блум
таксономиясына сүйене отырып, экспресс-сұрауларға қолайлы əр түрлі деңгейлердегі тапсырмалар
қоса берілген. Зертханалық сабақтарды жүргізуде де таксономиялық тəсілдеме қолданылғаны
көрсетілген. Химия факультетінің студенттері үшін ғылыми-зерттеу жобасы өңделген. Жобалық
əдістер ұжымда жұмыс жасау жəне оның нəтижелерін талдау сияқты құзыреттерді қалыптастырады.