Abstract:
Мақалада балаларда кездесетін ауытқулардың бірі ерте жастағы балалар аутизмі қарастырылды.
Ерте жастағы балалар аутизмінде балада айналадағы қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуде
қиындықтар туындайды. Авторлар аутист-балалардың өзінің құрдастары жəне ересек адамдармен
қарым-қатынасқа түсуін жақсарту мақсатында жүргізген эксперимент жұмысының кезеңдерін
сипаттайды. Экспериментте кешенді түзете-оқыту əдістерін түрлендіріп қолданған. Балалар аутизмін-
де кешенді түзете-оқыту əдістерін жəне заманауи технологияларды қолдану баланың жалпы дамуына,
құрдастарымен қарым-қатынасына жəне баланың одан əрі дамуына қолайлы əсер ететіндігін
эксперимент нəтижесі көрсетті.