Abstract:
Мақалада қарағай ағашынан түрлендірілген белсендірілген көміртек негізінде сорбенттердің жылу
тұрақтылығына бағалау жүргізілген. Сорбенттер H3PO4 жəне NaOH ерітінділерімен түрлендірілген
қылқанды ағаш қалдықтарын карбонизациялау жəне сумен өңдеу арқылы алынды. Үлгілерді 600 ºC
температурада H3PO4 жəне NaOH қоспаларымен карбонизация процесі нəтижесінде кеуекті материал
түзілетіндігі көрсетілген. Пилоян əдісі бойынша термодеструкцияның кинетикалық мəндері негізінде
белсендену энергиясы есептелінді, термодеструкция диффузиялық тəртіпте өтетіні көрсетілген.
Сонымен қатар қатты фазалы реакциялардың жылдамдық константаларының мəндері Яндер,
Гистлинг-Броунштейн, Журавлев жəне Кригер-Циглер модельдері бойынша есептелген.