Abstract:
Қазақстанның қазіргі даму сатысында құқықтың мамандандырылған субъектілеріне жеке жəне заңды
тұлғалардың заңды қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың кейбір
құқықтарын жүзеге асыруға берудің қажеттілігі туындауда. Осыған орай, заңды жəне жеке
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру бойынша міндеттер тек құқық қорғау
органдарының ғана емес, құқықтық қатынастың басқа да субъектілері қызметтерінің пəні болып
табылады. Жеке детективтік қызмет институтын енгізудің өзектілігі Қазақстан Республикасында осы
саладағы қатынасты реттеу қажеттілігінің туындауымен тікелей байланысты. Оның себебін айтар
болсақ, құқықтық реттеу механизмінің жоқтығынан көптеген жеке жəне заңды тұлғаларға (мысалы,
құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінен құралған жеке күзет ұйымдары) өз
қызметтерін жүзеге асыру барысында, жеке бизнес пен мемлекеттің мүддесіне араласпай жəне
азаматтардың жеке өмірлеріне қол сұқпастан, тəжірибеде жедел-іздестіру қызметінің кейбір əдістері
мен тəсілдерін əрекет етуші заңның шегінен шықпастан қолдануға тура келеді. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 13-б. сəйкес əр азамат өз құқықтары мен бостандықтарын заңға
қайшы келмейтін тəсілдермен қорғауға құқылы. Осыған орай Қазақстан Республикасында жеке
детективтік қызмет институтын енгізудің астарында конституциялық негіз жатыр. Сонымен қатар
оның басты міндеті азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша
мүмкіндіктерін кеңейту болу керек. Мақалада авторлар жеке детективтік қызметтің нəтижесінде
алынған мəліметтерді (ақпаратты) қылмыстық сот өндірісінде дəлелдеме ретінде пайдаланудың
маңыздылығын жəне əлемдік тəжірибені зерттей келе, салыстырмалы талдау жасай отырып, осы
мəселеге қатысты өз ойларын білдіруге тырысқан.