Abstract:
Мақалада Қазақстан мен Нидерланды Патшалығының конституциялық негіздеріне, халықаралық
ресми қайнар көздерге, əлемдік тəжірибеде бекітілген параметрлерге сүйене отырып, компаративтік
зерттеу барысында екі елдің мемлекеттік басқару жүйесіне талдау жасалды. Сонымен қатар тəжірибе
алмасу мақсатында екі мемлекеттің басқару жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
анықтау үшін мемлекеттік басқару сапасын бағалаумен байланысты алты, атап айтқанда:
тұрғындардың пікірлерін есепке алу жəне мемлекеттік органдардың есептілігі; саяси тұрақтылық жəне
күш көрсетудің болмауы; үкімет қызметінің тиімділігі; нормативтік-құқықтық реттеу; заңның
жоғарылығы; сыбайлас жемқорлықпен күрес атты негізгі параметрлер қамтылды. Мемлекеттік
басқару сапасын бағалауда қолданылған параметрлердің негізінде Нидерланды Патшалығының
мемлекеттік басқару үлгісінің тиімділігі көрсетілді, əрі мемлекеттік басқарудың объективті негіздерін
ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік басқару ерекшеліктері қарастырылды.