Abstract:
Қазіргі əлемде көшi-қон үрдісі өзiнiң күрделiлiгiмен ерекшеленедi. Себебi құқықтық сұрақтардан
басқа, саяси, экономикалық, демографиялық, əлеуметтiк мəселелер туындап отырады,
этногеографиялық жəне экономикадағы еңбек ресурстары мəселелерi орын алады. Заңнамалық реттеу
көшi-қон үрдiсiн ұйымдастыру, оны реттеуде жəне құқықтық қамтамасыз етуде маңызды роль
атқарады. Солардың ішінде заңнамалық қыры ерекше орынды иеленеді, себебі көші-қон үрдісін
тиісінше ұйымдастыру, реттеу, құқықтық қамтамасыз етуден қоғамның өмір сүруі үшін мəні маңызға
ие басқа да мəселелердің шешілуі байланысты болып отыр.