Abstract:
Мақала Тұрсын Жұртбаевтың «Талқы» ғылыми-зерттеу еңбегін негізге ала отырып жазылған.
Авторлар Мұхтар Əуезовтің шеберлігін əр қырынан көрсетіп, оның еңбектері арқылы ғылыми
дəлелдеулерге көз жеткізді. Бес өзекті мəселені көтеріп, оны ғылыми тұрғыда дəлелдеп шығарды. Осы
арқылы Қазақстанда болған кеңестік отарлауға көзқарасын, ұстанымын анықтап, ғасыр басындағы
Мұхтар Əуезовтің азаттыққа ұмтылысын, ел тəуелсіздігі жолындағы жанкешті еңбегін, өлкедегі
қоғамдық-саяси ойларын жаңа қырынан қарастырды. ХХ ғасырдың 20–30 жылдарына қатысты
деректерді талдау барысында кеңестік əкімшіл-əміршіл жүйенің қазақ қоғамының дамуына кері əсерін
анықтап, Алаш Орда қозғалысы, қайраткерлік, ұлтшылдық туралы шынайы дəйектер, тың
тұжырымдар беріліп, автор шығармашылығы негізінде түйінделді.