Abstract:
Мақалада Ақселеу Сейдімбек шығармалары тілдік тұрғыдан талданып, оның сөздік қолданысы
сараланды. Жазушының шығарма жазудағы ерекшелігі мен оның көркемдік стилі жан-жақты
сипатталды. Қаламгердің сөз саптаулары мен олардың тілдік-эстетикалық бояуларының көрінісі
талданды. Жазушы тілін зерттеу арқылы оның қазақ тілінің сөз қолданысы мен тіл байлығын дамыту
жолдары анықталды. Автордың тілдік құрылым жүйесі лингвостилистикалық тұрғыдан зерттелді.
Сонымен қатар шығарманы тілдік тұрғыдан талдау туралы зерттеулерге шолу жасалды.