Abstract:
Мақалада қытай иероглифтарында қолданылатын таяқшалардың типологиясы мен оларды жазудың
негізгі ережелері көрсетілген. Қазіргі заманғы қытай иероглифтары бірнеше топ таяқшалардан тұрады
жəне олардың құрамына көп бөлігі жеке таңбалар ретінде де қолданыла беретін белгілер кіреді.
Қазіргі заманғы қытай иероглифтарының құрамы туралы ақпарат беріледі. Қытай иероглифтарының
маңызды таяқшалары иероглифты жалпы күрделі мағыналы тұтастық ретінде қарастыруға ықпал
етеді. Сонымен қатар авторлар иероглифтардың қытай мəдениетін қалыптастырудағы рөлін
қарастырған. Грамматика мен лексика құбылыстары көрініс табатын заттық, сандық сөздердің қытай
тілі мен қазақ тілінде салыстырмалы түрде қолданыс аясы тілге тиек етілген. Қытай тіліне оқытудың
қажеттілігі көрсетіліп, негізделген. Оқудың фонетикалық тəсіліне тəн ерекшеліктер жəне осындай оқу
барысында лингвистикалық талдаудың түрлі тəсілдерін қолдану жолдары көрсетілген.