Abstract:
Мақалада адам өміріндегі діннің тəрбиелік мəні, тұлғалық сапалар мен қасиеттердің қалыптасуындағы
маңызы жөнінде мəселелер жан-жақты талданды. Осы орайда бүгінгі жастардың рухани-
адамгершілік, имандылық көзқарастарының қалыптасу дəрежесі мен жан-жақты білім деңгейінің
қоғам дамуындағы рөлі көрсетілді. Əсіресе тəрбие ісінде жастардың ұлттық сана-сезімін, дүниеге
деген тұрақты көзқарасын қалыптастыруда қазақ халқының болмысына тəн дəстүрлі тарихи-мəдени,
рухани мұралардың танымдық-тəрбиелік маңызы мен мəнін ұғыну қажеттілігі сөз болды. Этникалық
дүниетанымдағы ұлттық тəрбиенің басты құралы – діннің рөлі анықталды. Мұсылмандық
қазақтардың дəстүрлі мəдениетін, біртұтастығын сақтап қалудың шарты болуымен бірге, бүгінгі
халық болмысын жасаудың басты құралы, əрі рухани өмірінің негізі ретінде қарастырылды. Сонымен
қатар дін туралы түрлі ғылым салаларынан пайымдаулар мен көзқарастар берілді. Авторлар бүгінгі
жастар тұлғасын рухани-имандылық тұрғыдан қалыптастырудағы Шəкəрім Құдайбердіұлының
имандылық, дін тақырыбы тереңнен қозғалған танымдық-тəрбиелік мəні зор туындылары туралы
баяндады. Мақалада дін тақырыбына қатысты ақынның идеялары «Үш анық», «Мұсылмандық
шарты» деп аталатын философиялық шығармалары негізінде жан-жақты тұжырымдалды. Жастарға
рухани-имандылық тəрбие беру бағытындағы хадистер мен аяттардың маңызы көрсетілді. Ислам
дінінің құндылықтарын жастар бойына сіңіруде Шəкəрім Құдайбердіұлының шығармаларының
этнопедагогикалық маңызы мен мүмкіндіктері сараланды.