Abstract:
Мақалада білім беру саласының алғашқы сатысы — мектепке дейінгі ұйымдар баланың жеке бас
ерекшелігін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын, үздіксіз білім
берудің бастапқы деңгейін дамытатын орталық деп көрсетілген. «Инновация», «педагогикалық
технология» ұғымдарына талдау жасалған. Осы мəселемен айналысқан ғалымдардың еңбектеріндегі
мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын педагогикалық технологиялардың қағидалары мен олардың
критерийлерінің маңызына жан-жақты тоқталып, мəні кеңінен ашылып қарастырылған. Білім беру
жүйесіне қажетті жаңалық енгізу барысында мектепке дейінгі ұйымның оқу-тəрбие үрдісінде
қолданылатын қазіргі бағдарламалар мен педагогикалық технологиялар, атап айтқанда, жобалау,
ақпараттық-қатынастық, терапия жəне оның түрлері, сын тұрғысынан ойлау, М. Монтессори
педагогикасы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау, тəрбиеші мен баланың портфолиосы,
компьютерлік технологиялар жəне олардың мақсаттары мен ерекшеліктері жайында мəселелер
зерттелген. Бұл технологияларды дұрыс қолдануға болашақ мамандарды, тəрбиешілерді даярлау
қажеттігі мен оларға қойылатын талаптар сараланып, тəрбиеші жұмысынан күтілетін нəтижеге
қолжеткізудің жолдарының кезеңдері талданған.