Abstract:
Мақалада педагогтың əдістемелік құзыреттілігі жəне оны жетілдіру жолдары қарастырылған.
Педагогтың əдістемелік қызметін (модельдеу, жобалау, құрылымдау, оқу үдерісін дидактикалық
қамтамасыз ету, оқыту жəне оқу үдерісін үйлестіру) əрі қарай жетілдіруге бағытталған кəсіби
қызметтің жеке түрі ретінде қарастырылып көрсетілген. Сонымен қатар педагогтың əдістемелік
қызметінің функционалдық ерекшеліктері көрсетілген. Кəсіптік білім беру үдерісіндегі оқытушының
əдістемелік құзыреттілігін құраушы білімдер жүйесінде ерекше мəнге ие болатын төмендегідей
бағыттағы білімдер топтамасы анықталған, олар: пəндік, психологиялық-педагогикалық жəне
ғылыми-əдістемелік білімдер топтамасы болып үш бағыттағы білімдер жүйесін түзеді. Əдістемелік
білім меншігіндегі білімдер топтамасы құзыреттіліктер бойынша екі топқа бөлініп қарастырылған:
жалпы-əдістемелік жəне жеке-əдістемелік білімдер. Мақаланың мазмұнында жалпы əдістемелік
пəндердің ішіне кіретін əдістеменің жалпы құрылымдарын басшылыққа алатын идеялар, формалар,
əдістер, қағидалар, жүйелер жəне кəсіби білім, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға
бағытталған құралдар анықталған. Сонымен қатар авторлар оқыту үдерісінің мақсаттары мен
міндеттеріне негізделген нақты оқылатын тақырыптың құрылымын, мазмұнын жəне əдістемесін
қарастыратын жеке əдістемелік білімдер топтамасын көрсеткен. Белгілі болғандай, əдістемелік
іскерліктердің педагогқа оқыту үдерісінің мақсаттары мен міндеттеріне негізделген оқыту
материалдарының мазмұнын жылдам əрі сапалы түрде жобалауға жəне құрылымдауға мүмкіндік
береді.