Abstract:
Оқу құралында тұтас орта механикасының математикалық негіздерінің басты ұғымдары, кернеулік және деформациялық күйдің модельдері, серпімділік пен пластикалық ағын теориялары, сондай-ақ тұтқыр серпімділік мәселелері қарастырылған. Әр тақырып теориялық бөлім, практикалық бөлім және өздігінен орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады. Ұсынылып отырған оқу құралы 6B05402 – «Механика» білім беру бағдарламасының студенттеріне, жоғары оқу орнының оқытушыларына, магистранттарына және қолданбалы математика мен компьютерлік модельдеу салаларының мамандарына арналған