Abstract:
Мақалада бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда өлкетану материалдарын қолдану арқылы
студенттерге экологиялық тəрбие беру бойынша зерттеудің нəтижелері берілген. Қазақстан
Республикасының ұлттық байлығы ретінде біздің мемлекетіміздің мəдени құндылықтары мен
ғылыми-экологиялық дерек көздерін оқып үйреніп, тарихи қалалардың бірі — Қарқаралы қаласының
қалыптасуы мен даму кезеңдері жəне оның болашағы туралы педагогикалық жəне этнографиялық
əдебиеттерге талдау жасалған. Өлкенің ұлы адамдарының тағылымына байланысты ғылыми
еңбектерге шолу жасап, олардың зерттеушілік жəне шығармашылық іс-əрекеттерін оқып үйренуге
басты назар аударылған. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда өлкетану жұмыстарында
мақсатқа бағытталған этнопедагогикалық құндылықтарды пайдалану қажеттігін мақала авторлары
қорытындыларының нəтижесі дəлелдейді. Авторлардың «Өлке қорықтары» атты жасалған
бағдарламасы негізінде жоғарғы оқу орнының оқу-тəрбие үдерісінде, аудиторияда жəне аудиториядан
тыс кураторлық сағаттарда, студенттерге экологиялық білім берумен қатар, олардың экологиялық
мəдениетін қалыптастыруды жүзеге асыру жолдары көрсетілген, сонымен бірге өлкетану жұмыстарын
өткізудің құралдары мен əдістері берілген.