Abstract:
Мақалада медициналық жоғарғы оқу орындарында оқылатын медициналық физика курсының,
медициналық жоғары білім стандартары жəне клиникалық пəндер бағдарламалары алдында тұрған негізгі
міндеттер қарастырылған. Бұл құжаттарға сəйкес студенттерге медициналық физикадағы
негізгі іргелі заңдар мен қағидаларды білдірумен қатар, физикалық факторлардың адам
ағзасына тигізетін əсерлерін, оларды диагностикалық жəне терапевтік, клиникалық, лабораториялық құралжабдықтарда пайдалануды жəне бұл құралдармен жұмыс істетуді жəне оны меңгертуді басты бағыт ретінде қарастыру жүктелген. Осы мақсатты іске асыру үшін 5В30100 — «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 3-5 курс студентері оқитын «Ішкі арулар», «Хирургиялық аурулар», «Балалар
аурулары», «Акушерия жəне гинекология» пəндерінің типтік бағдарламарын жəне осы пəндердің негізгі
оқулықтарында түрлі физикалық құбылыстардың медицинада, оның ішінде диагностикалық мақcатта қолданылуын талдадық. Талдау барысында физикалық құбылыстардың, əдістердің тікелей медицинада, оның ішінде түрлі аурулардын диагностикалауда қолданылатындығына жəне оның қажетілігіне көз жеткіздік. Олардың қатарына ультрадыбысты (УД) зерттеуді жатқызуға болады, ол
адам ағзасының ішкі мүшелерін диагностикалауда қолданылады. Сонымен қатар радиоизотоптар (қалқанша безде жинақталған йод арқылы оның күйін анықтау), рентген, лазер сəулелері диагностика мен терапияда кеңінен пайдаланылады. Осы анықталған диагностикалық
мəліметтерді «Медбиофизика» пəнінде нақты тақырыпты оқуда қолдануды ұсындық.