Abstract:
Мақалада мектепке дейінгі нашар көретін балаларды оқыту жəне тəрбиелеу, орнын толықтыру жəне
түзету жəне екінші ауытқудың алдын алу жұмыстары қарастырылған. Авторлармен мектепке дейінгі нашар
көретін балалардың көру арқылы қабылдау ерекшелігін аша түскен, көру арқылы қабылдауды
дамыту бойынша бағытталған жұмыс қажеттілігі негізделген жəне де осы жұмысты жүргізуге
жаттығулар ұсынылған. Мектепке дейінгі мекемелердегі түзету топтарында көру арқылы қабілетті түзету
жолдары көрсетілген. Осы қойылған талаптарды ынтымақтастықта бірлесе отырып, сəтті шешу айқындалды,
осыған байланысты көру арқылы қабілетті жəне көру арқылы қабылдауды дамыту ең маңызды болып
саналады. Мектепке дейінгі нашар көретін балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту бойынша
психологиялық, педагогикалық жəне ғылыми əдебиеттерге талдау жасалды, көру қабілетіндегі кемшілігі
бар балалармен жəне ата-аналарымен жəне қызметтес əріптестерімен кəсіби деңгейде қарым-қатынас
құру, арнайы құралдармен көру арқылы қабылдау кемшілігін анықтау жəне түзету жəне алдын алу
мақсатта жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ мектепке дейінгі нашар көретін балаларды қазіргі жүргізіліп
жатқан ерте жастан оқыту тəрбиелеу дамуындағы ауытқуды түзетуге, емдік қалпына келтіру жұмыстары
көру қабілетін түзету шараларын мектепке дайындық жұмыстарын іске асырады.