Abstract:
Мақалада қазіргі кездегі оқыту қажеттілігіне байланысты оқу үдерісіндегі кіріктірілген сабақтарды
қолдану керек екендігін пəндік белгілер бойынша жіктеудегі қарама-қайшылықтар есебінен
оқушылардың оқу-танымдық шығармашылық əрекеттерін белсендіру мəселесі келтірілген.
Нəтижесінде кіріктірілген сабақтарды іске асыру əлемнің бейнесін біртұтас жүйе ретінде қарастыруға
ықпал етіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Қазіргі таңда пəндерді
кіріктіру элеметтері білім беру үдерісіндегі пəндік мазмұнда мүмкін болатын құрамалы бейне
қызметінде жұмыс жасайды. Біріктірілген сабақтарды біз қоршаған ортадағы əрекеттердің бейнесін
алуда қолданамыз. Себебі əлемді танып-білу мектепте оқытылатын барлық пəндердің өзара
байланысуы арқылы ғана іске асырылады. Осы мақаладағы міндет бір сұрақтың шешуін əр түрлі
тұрғыда талдау біліктерін қалыптастыру болып табылады. Кіріктірілген сабақтарға айтарлықтай
мүмкіншіліктер тəн. Мұндай сабақтарды өткізу арқылы оқушылар пəндерден ақпарат ала отырып,
жан-жақты əрі терең білімді жаңа ойлау тұрғысында бойларына сіңіреді. Кіріктірілген сабақта
білімдерді біріктіруге мүмкіндік мол, себебі алған білімдерін бір саланы басқа салалармен
байланыстыру шеберліктері арқылы байқатады.