Abstract:
Соңғы жылдары халықтардың мәдениетінің жарқын көрінісі болып саналатын фразеологизмдерге де-
ген қызығушылықтың ерекше артуына байланысты әр түрлі тілдердің фразеологиялық қорын
салғастыра-салыстыра зерттеп-зерделеу мәселесі лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр.
Өйткені, кез келген халықтың фразеологиялық қорында ол халықтың дүниетанымы, менталитеті,
мәдениеті, фольклоры, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары т.б. айқын көрініс табады. Осы орайда,
мақалада Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы «жүрек» лексемасымен берілген фразеологизм-
дердің түрік тіліне аударылу ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу жұмысының басты мақсаты
«Үркер» романындағы «жүрек» лексемасы ұйытқы болатын тұрақты тіркестердің танымдық және
семантикалық табиғатын ашып, олардың түрік тіліне аударылу ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу ма-
териалы ретінде романдағы «жүрек» сөзімен берілген 81 соматикалық фразеологизм іріктеліп,
олардың түрік тіліне аударылу тәсілдері талданды. Сондай-ақ, авторлар тарапынан «жүрек» лексема-
сы тірек компонент болатын фразеолгизмдерді түрік тіліне аудару нұсқалары ұсынылған және туы-
стас қазақ және түрік тілдерінің фразеологиялық қорындағы «жүрек» лексемасының қолданылу аясы-
на қатысты тұжырымдар жасалған.