Abstract:
Мақалада «мінәжат» концептісіне, оның абстрактілік сипатына, лингвокогнитивтік табиғатына жан-
жақты талдау жасалып, лингвист ғалымдардың тұжырымдарының негізінде «мінәжат» концептісінің
коннотациялық, этнотанымдық, бағалауыштық, ассоциативтік, бейнелік сипаттары лингвистикалық
аспектіде қарастырылған. Мінәжат ету барысында лингвосемантикалық, этнотанымдық
категорияларды антропоөзектік аспектіде қарастыру арқылы жалпы адамзаттық, этнотанымдық
ерекшелікті, мінәжат етушінің эмоциялық қалып-күйін көрсетуге болады. Әлеуметтік институттар
арасындағы байланысты орнықтыратын, құрмет пен ізетке негізделген қарым-қатынасқа жетелейтін
бата-тілек сияқты мінәжат формасын зерттеу арқылы адамдар арасындағы мәдени коммуникациядағы
орны мен мәні көрсетіледі. «Мінәжат» концептісін антропоөзектік негізде зерттеудің тиімділігі
мақаладағы тілдік деректерді лингвокогнитивтік аспектіде талдау, салғастырмалы талдау,
грамматикалық категорияларды семантикалық тұрғыда талдау әдістерін қолданудың нәтижесінде
мінәжат дискурсының ұлттық болмысқа, ұстанатын дінінің ерекшеліктеріне, адамға тән мінезге, көңіл
күйіне, архитиптік бейнелер мен басқа да категорияларға қатыстылығы айқындалып, халықтың,
адамзат баласының, этностың, жекеленген тілдік тұлғалар дүниетанымындағы мінәжаттың
коннотациялық, бағалауыштық, ассоциативтік, бейнелік сипаттары ғылыми концептуалдық тұрғыда
талданады. Зерттеудің практикалық маңызы мінәжатқа қатысты мәтіндерді талдау алгоритімін
лингвист, теолог, мәдениеттанушы, этнолог ғалымдар, психологтар кең көлемде қолданатындығымен
айқындалады.