Abstract:
Мақала мемлекеттіліктің кеңестік үлгісін ендірумен Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың
негізгі мəселелерін қарастырды. 1920 жж. Қазақстан экономикасы мемлекеттік басқарудың кеңестік
жүйесі жан-жақты қарастырылып, талдау жасалды. Экономиканы басқарудың күрделі жүйесіне
сипаттама берілді. Өнеркəсіпті басқарудың орталық жəне республикалық органдарының өзара
қатынастарына айрықша мəн берілді. Сонымен бірге маңызды стратегиялық мəнге ие Қазақстанда
ықпал ету аймағын кеңейту міндетін қойған Ресейдің ел экономикасын тұтас басқаруды
орталықтандыруға қолжеткізгені көрсетілді. Түрлі санаттағы кəсіпорындардың ерекшеліктерімен
оларды жоспарлы түрде жабдықтаудың қалай жүзеге асырылуы бағаланды. Аталмыш жұмыс мұрағат
құжаттарына негізделген дербес ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде көпшілік оқырмандарды
қызықтыруы мүмкін.