Abstract:
Мақалада аймақтың танымалдылығын қалыптастырудағы мұражайдың алатын орны мен ролі туралы
мəселе қарастырылды. Егеменді еліміздің алдында тұрған ең маңызды мəселенің бірі — өз еліміздің
əлем алдындағы танымалдылығын, имиджін қалыптастыру. Осыған байланысты авторлар Қазақстан
мұражайлары Лувр, Эрмитаж жəне тағы басқалары сияқты еліміздің танымалдылығын
қалыптастыратын құралға айналуы тиіс деп санайды. Яғни, мұражайдың аймақтың имиджі мен
танымалдылығын қалыптастырудағы орны мен ролін айқындау үшін мұражайдың бес қырын
көрсетеді: мұражай мəдени орталық ретінде; мұражай мəдени мұраны сақтаушы жəне тасымалдаушы
ретінде; мұражай аймақты дамытушы «инициатор» ретінде; мұражай мəдени бастамалар алаңы
ретінде; мұражай өмірлік стандарттардың эталоны ретінде.