Abstract:
Мақалада мемлекеттік басқарудың жаңа сипаты қалыптасқан заманауи үрдістер
жағдайында
мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру сұрақтары қарастырылды. Мемлекеттік қызмет жүйесін тиісті
нəтижелі, ашық жəне тиімді ұйымдастырудағы мемлекеттік қызметшілер корпусының ұтымды
жабдықталуының рөлі анықталды. Мемлекеттік қызметті білікті, құзыретті жəне кəсіби мамандармен
қамтамасыз етудің кəсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы сипаты зерттеліп, мемлекеттік
қызметшілердің бəсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ретінде кəсібилік мəселесі ерекшеленді.
Қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне байланысты мемлекеттік қызметшілердің
кəсібилігіне қойылатын талаптардың да өзгеру тұрпаты мен қазіргі кездегі
қалыптасқан ағымдардың
ерекшеліктері сипатталды. Мемлекеттік қызметшілердің кəсібилігі мен құзыреттілігіне қатысты
институттық реформалардың негізіндегі тың өзгерістер мен жаңалықтарға зерттемелік талдау
жасалды.