Abstract:
Мақала тарих ғылымындағы қоғамды зерттеудің жаңа жəне өзекті бағыты — «күнделікті өмір
тарихы» тақырыбына арналған. Қоғам тарихы негізінде адамзаттың тарих өлшемі болып күнделікті
өмірі табылады, ол адам баласының күнделікті өмірдегі тұрмыс үй орнынан, тамақтануынан,
қозғалуынан, жұмысы жəне бос уақытты өткізуінен көрініс табады. Күнделікті өмірді талдау арқылы
адам баласының қиын жағдайда адамгершілікті сақтай отырып, тығырықтан қалай шықты, қалай адам
өмірлік жай-жаспарларға бейімделді деген сұрақтарға жауап табуға болады. Күнделікті өмір —
бірқатар қоғамтану пəндері үшін зерттеу объектісі, жəне олардың арасында «күнделікті өмір»
ұғымына ортақ анықтама жоқ. Автор күнделікті өмір тарихы мəселесін жан-жақты зерттеп,
ғалымдардың «əлеуметтік күнделікті өмір» ұғымының мазмұны мен құрылымына қатысты пікірлерін
жүйелі түрде қарастырып жинақтаған. Сонымен қатар ғалымдармен жақсы зерттелген əлеуметтік
күнделікті өмір мəселесі анықталған. Бұл тұрмыс, бос уақыт жəне адамдардың өмірлік бейнесі
мəселелері болып есептеледі.