Abstract:
Мақалада 1965–1984 жж. Кеңес Одағының сыртқы саясатындағы басты бағыттар зерттелген. Аталып
отырған кезеңде КСРО өзінің саяси-экономикалық əлеуеті жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орынға
шықты. Осыған байланысты автор осы жылдардағы Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатының əр түрлі
қадамдарын объективті түрде көрсеткен. Сондай-ақ Кеңес Одағының Батыс жəне Шығыс
мемлекеттерімен дамыған əржақты қарым-қатынастары 1975 ж. Хельсинки шартына жеткізгенін
дəлелді баяндады. 1968 ж. Чехословакияға, 1979 ж. Ауғанстанға жасаған агрессиялары арқылы КСРО-
ның осы кезде жүргізілген экспансиялық саясаты жəне оның халықаралық жағдайдағы салдары жан-
жақты көрсетілді. Қорытындылай келгенде, осы кезеңдегі кеңестік сыртқы саясаттағы дағдарыс
байқалғаны дəлелденді.