Abstract:
Мия (Glycyrrhisa L.) — бұршақтар (Fabaceae Lindl.) тұқымдасына жататын ертеден белгілі дəрілік
өсімдіктердің бірі. Шикізаты ірі көлемде медицина өндірісіне жəне экспортқа дайындалатын бағалы
дəрілік-техникалық өсімдік мия (Glycyrrhisa L.) туысының түрлері: қызыл мия (Glycyrrhisa glabra L.)
жəне орал миясы (Glycyrrhisa uralensis Fisch.). Бұл түрлердің дəрілік құндылығы тамырындағы
биологиялық белсенді заттарға байланысты: глицирризин қышқылы, флавоноидтар, глюкоза,
сахароза, крахмал. Табиғи алқаптардағы мия дайындау жұмыстарына байланысты еліміз
алқаптарында мия қоры жылдан жылға азаюда. Табиғатта мия көп жағдайда тек вегетативтік
тəсілмен ғана көбейеді, тұқымынан өніп-өсуі өте сирек кездеседі. Табиғаттағы жиі кездесетін
қалыптасқан, орнықты қауымдастықтағы мия вегетативтік əдіспен ғана өсіп-өніп көбейеді.
Тұқымынан көбею бұл жерлерде мүлдем болмайды. Сондықтанда деградацияға ұшыраған мия
алқаптарын қалпына келтіру, түрлердің жойылуының сақтану үшін мияны тұқымынан өсіріп көбейту
қажет, сол себепті мия түрлері тұқымдарының өнгіштігін арттыру мақсатында, жалаң жəне орал
миясы тұқымдарының өнгіштігі анықталды. Бұл түрлердің тұқымдары 2015 жылы Оңтүстік Балқаш
Іле өзенінің жағалауынан жиналған, тұқым өнгіштігін анықтауда биореттегіш гетероауксиннің əр
түрлі концентрациясымен өңделіп жəне бақылау варианттарымен қатар өсірілді. Əр варианттар
бойынша тұқым өнгіштігі салыстырылып талдау жасалды. Алынған нəтижеге негізделе отырып,
гетероауксиннің тұқым өнгіштігіне оң əсер еткен оңтайлы концентрациясына баға берілді.