Abstract:
Білім берудің қазіргі заманғы даму кезеңі ақпараттық жəне педагогикалық оқыту технологияларының
өзара тығыз байланысымен сипатталады, оларды сəтті сəйкестендіру нəтижесінде білім алушының
шығармашылық əлеуеті мен даралығын ашу мүмкіндіктері пайда болады. Қазіргі уақытта бағдарлама-
тренажеры, зертханалық практикум, психологиялық тест жəне тағы көптеген электронды оқыту
ресурстары дидактикалық жүйеге кеңінен енуде. Мақалада «Интернет-технологиялар» элективті пəн
бойынша өз бетінше оқу жəне Web-қолданбаларды құрудың тəжірибелік дағдыларын
қалыптастыруды қамтамасыз ететін жоғарғы жəне орта оқу орындарының студенттеріне арналған
компьютерлік бағдарлама-тренажерды əзірлеу технологиясы мен дидактикалық функциялары
зерттелген. Элективті пəндерді оқыту маңыздылығы ашылған, себебі зертханалық жұмыстар мен
тəжірибелік сабақтар жүйесі қолданбалы есептерді шешу үшін алған теориялық білімдерін қолдану
дағдыларын дамытуға өз септігін тигізуі қажет. Электронды оқыту ресурстарын құруда анағұрлым
жиі қолданылатын инструменталдық құралдардың мысалдары келтірілген. Əр түрлі өнімдерді Web-ке
таратуға мүмкіндік беретін қуатты Macromedia Flash ортасында оларды əзірлеудің əдістемелік
негіздері баяндалған. Сонымен қатар оқу сапасын арттыратын педагогикалық құрал ретінде
компьютерлік бағдарлама-тренажердың ролі мен мəні қарастырылған, оларды əзірлеу үшін
қойылатын талаптар белгіленген.